СӨС
Иммундау
Сау өмір үшін таңдау жаса!
Республика өңірлерінде 24-30 сәуір аралығында Дүниежүзілік иммундау апталығы.
Иммундау – жасанды белсенді иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналарды ағзаға еңгізу.
Иммундау миллиондаған өмірді құтқарып, жұқпалы аурулармен күресу саласында ең ықпалды және тиімді шаралардың бірі ретінде кең танылды. ДДҰ –ның анықтау бойынша иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім-жітім оқиғасын алдын алуға мүмкіндік береді.
Вакцинация жоқ болған жағдайда инфекциялар өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді:
- полиомиелит – полиовирус жүйке жүйесін зақымдап, бірнеше сағат ішінде сал ауруына немесе өлімге әкеп соғады;
- дифтерия – миокардит асқынып, шала салдану мен сал ауруының дамуы. Тыныс алу жолдарының салдануынан өлім-жітімге әкеп соғатын тұншығу пайда болуы мүмкін;
- эпидемиялық паротит – бедеулік пен қант диабетінің даму қауіпі;
- В гепатиті өлім-жітімге әкелетін бауыр комасы, цирроз және бауыр обыры;
- жуктілік кезіндегі қызамық ұрықтың туа біткен мүшелерінің зақымдалуына әкелуі мүмкін;
- сіреспе – тұншығу және жүректің тоқтауы;
- туберкулез – аурудың асқынатын ауыр түрімен ауыру қаупі;
- пневмококкты инфекция – пневмония және іріңді менингит;
- қызылша – энцефалит, жүктілік өзіндік түсік тастау мен уақытынан бұрын босанумен аяқталады.
Халықты иммундау тегін жүргізіледі. Вакциналар миллиондаған адамдарды ауыр аурудан және өмір бойы мүгедектіктен сақтап, амансаулық пен өмір сапасын қамтамасыз етеді.
Вакциналар қауіпсіз, вакцинация үшін ДҰҰ – мен сертификатталған, яғни сапасына кепілдік берілген препараттар қолданылады.