8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

ДЕПРЕССИЯ: кел, сөйлесейік

Депрессия – үнемі уайымға түсіп жүруді және әдетте қанағаттандыратын іс-әрекет түріне қызығушылықты жоғалтуды, сондай-ақ кемінде екі апта бойы күнделікті істерді орындай алмауды сипаттайтын ауру. Депрессиядан зардап шегетін адамдарда келесі белгілер байқалады: қуаттың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін мүсәпір, кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлау.

Депрессиядан барлық жастағы адамдар, барлық халық тобы зардап шегеді. Депрессия психикалық зардап әкеліп, адамға күнделікті ең қарапайым міндеттерді орындау қабілетіне де кері әсерін тигізеді және кейде адамның жақындарымен және достарымен өзара қарым-қатынасына да, сонымен қатар адамның өзіне жұмыс істеу қабілетіне де зияны тиюі мүмкін. Ең ауыры депрессия адамның өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соғуы мүмкін. Қазір 15-29 жас аралығындағы адамдардың өлім-жітімінің екінші жетекші себебі депрессия болып отыр.ДДҰ-ның бағалауынша депрессиядан әлемде 250 миллион адам зардап шегеді.

Депрессия әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлардың нәтижесінде дамиды. Қандай да бір жағымсыз оқиғаны (жұмыстан шығу, жақын адамынан айырылу, психологиялық жарақат алу және т.б.) басынан өткізген адамдарда депрессияның даму мүмкіндігі жоғары.Депрессия мен деннің саулығының өзара байланысы бар. Мысалы, жүрек-қантамыр аурулары депрессияның дамуына алып келуі мүмкін.

Депрессияның даму қаупін кедейлік, жұмыссыздық, жақын адамнан айырылу немесе байланысты үзу секілді өмірдегі оқиғалар, алкогольдік ішімдік немесе нашақорлықтың салдарынан туындаған ауру және қиындықтар асқынтады, сондай-ақ депрессияны емдемесе адамның жұмыс істеуіне және отбасы мен қоғам өміріне араласуына кедергі келтіруі мүмкін.

ДДҰ-ның сарапшылары төмендегілерді әр адамға ұсынады:

  • Есіңізде болсын, сіз жалғыз емессіз. Сіздің басыңыздан өткен жағдайды көп адамдар да көрген және тірі қалған.
  • Есіңізде болсын, өз-өзіне қол жұмсау туралы айтқаныңыздың ешқандай әбестігі жоқ. Бұл тақырыпты қозғау арқылы өзіңізді жақсы сезінуіңіз мүмкін.
  • Сіздің жазылып кетуіңіз мүмкін екенін естен шығармаңыз.
  • Сізге көмектесетін адамдар бар екенін естен шығармаңыз.

Әр адам егер уайымға түссе немесе депрессия болуы мүмкін деп ойласа келесі шараларды қабылдауына болады:

  • Сенетін адамыңмен, яғни отбасы мүшесі, досың немесе ұжымдасыңмен сезіміңді бөлісу.
  • Маманға, учаскелік немесе отбасы дәрігеріне жүгіну, психологпен немесе әлеуметтік қызметкермен сөйлесу.
  • Өзіңе ұнайтын істермен айналысуды жалғастыру немесе ұқсас іс табу.
  • Бөлектенуден аулақ болу. Отбасымен және достармен байланыста болу.
  • Үнемі тамақтану және қанып ұйықтау қажет.
  • Үнемі дене жаттығуымен, соның ішінде серуендеумен айналысу қажет.
  • Алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тарту және дәрігер тағайындаған дәрілерді ғана қабылдау.
  • Егер сіз қауіпті және өзіңізге зиян келтіретініңізді сезінсеңіз «150 –қызыл желі» жедел көмек қызметіне хабарласыңыз немесе 150 нөміріне елдің кез келген бұрышынан қоңырау шалып, психологтың тегін кеңесін алуға болады немесе тұрғылықты мекенжай бойынша МСАК мамандарына хабарласыңыз.

Депрессияның алдын алуға және емдеуге болады! Өзіңіз сенім артқан адаммен әңгімелесу депрессиядан айығудың бірінші қадамы болуы мүмкін.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс